Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда агроөнеркәсіптің даму бағыттары туралы

Ресурстарды төмен пайдалану себептері төмен өнімділік, мемлекеттік қолдау құралдарының тиімсіздігі, агроөнеркәсіптік кешен ғылыми мекемелерінің бизнестен алшақтығы, сондай-ақ ауылшаруашылық тауарларын өткізу мен сату жүйелерінің дамымауы болып табылады.

Осы орайда, энергияға әлемдік бағаның төмендеуі және мұнай бағасының құбылмалылығы жағдайында ауылшаруашылығы елдің экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші бола алады. Сондықтан республикадағы агроөнеркәсіптік кешенге үлкен көңіл бөлінеді.

Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі - ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселені шешу үшін ауылшаруашылық саласындағы мемлекеттік саясат аясында іске асырылатын он бағдарламалық құжат жасалды:

- 1991-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған «Ауыл» әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы;

- 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

- 2000-2002 жылдарға ауылшаруашылық өндірісін дамыту;

- 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік агро-азық-түлік бағдарламасы;

- 2004-2010 жылдарға арналған ауылдарды дамыту бағдарламасы;

- 2006-2010 жылдарға агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы;

- 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты даму тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезектегі шаралары;

- 2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы;

- «Агробизнес-2017» АӨК дамыту бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің 2017-2021 жылдарға арналған дамуы.

Келесі, он бірінші, серпінді жоба республикада 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» атауымен іске қосылды. Жоспар бойынша 1,5 мыңнан астам ауылдық елді мекендер фермерлерге заманауи стандарттар деңгейінде жайлы өмір сүруге жағдай жасайды. 12 жыл ішінде арнайы жоба 2 мыңға жуық ауқымды құрылыс алаңдарын (тұрғын үйлер, жолдар, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, мәдени және спорт нысандары, электр желілері мен инженерлік желілер, инженерлік инфрақұрылым, шағын индустриалды аймақтар мен өндірістік нысандар және т.б.) жасайды, онда жүздеген мың жас қазақстандықтар жұмыс істей алады. Алдағы үш жылда бағдарламаға бюджеттен 90 миллиард теңге, оның ішінде 2019 жылы 30 миллиард теңге бөлінеді. Өткен жылы 700 мыңға жуық адам тұратын 53 ауылдық елді мекен таңдалды. Бір аудан орталығына немесе ауылға қаржыландыру мөлшері орта есеппен 670 миллион теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру аясында 4,7 млрд. теңге немесе жалпы көлемнің 15,8% бөлінді. Бұл ауылдарда 452 жоба жүзеге асырылады, оның 233-і көлік инфрақұрылымына, 153-і әлеуметтік, 66-сы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған. 2019 жылы жұмыстар көп адам жиналатын аудан орталықтарында, инфрақұрылым проблемаларын барынша тез шешуді қажет ететін үлкен ауылдық елді мекендерде жүргізілді.

2020 жылы елдегі ауылдарды жаңғыртуға 19 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады. «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жобаға сәйкес, облыстық бюджеттерге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша таңдалған ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсарту үшін қаражат түседі.

Ал ақшаның көп бөлігі Түркістан облысына, 4,4 млрд. теңге, болады.

Жалпы, ауылдарды модернизациялау үш бағытта жүзеге асырылады. Бұл ауылдарды дамыту, ауыл шаруашылығын дамыту және қоғамдық сананы жаңғырту.

Жобалардың негізгі әзірлеушісі және идеологиялық шабыттандырушысы болып табылатын Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл жұмысшысының еңбегі маңыздылығы бойынша қала тұрғынының еңбегінен жоғары деп санайды. Алайда, бүгінде ауылдағы өмір бірқалыпты және болашағы бұлыңғыр деген түсінік бар. Жастар қалаларға тартылатыны рас, алайда оларды қалада ешкім дайын жұмыс, барлық қажетті әрі ыңғайлы жағдаймен ешкім күтпейтіні де белгілі. Ауыл өмірі туралы стереотипті бұзу үшін ауылдағы өмірдің қаладағыдан еш кем емес екенін түсінуге көмектесетін жүйелі және салааралық көзқарас қажет. Ол үшін 60-тан астам шара әзірленді. Мысалы, студенттік практиканы егін жинау, мал бағу және тағы басқа шаруалар түрінде өткізу. Сонымен қатар «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша мамандықтар тізімін кеңейту, «Серпін» және «Сыбаға» бағдарламаларын біріктіру, «100 жаңа фермер» бағдарламасын іске қосу, сериалдар, фильмдер түсіріп, «Pro Agro» ток-шоуын бастау жоспарлануда, әрі ол ток-шоуды ең тиімді уақытқа қою жоспарлануда.

Мысалы, мал шаруашылығын дамыту үшін жаңа тәсілдердің бірі - шағын мал шаруашылығымен айналысатын отбасыларын ет мал шаруашылығының біртұтас технологиялық конвейеріне қатыстыру болып табылады. Жоба бойынша отбасылық фермада жалға алынған 500 га жайылымда 50 сиыр бар, фермада фермер және оның отбасы жұмыс істейді. Ірі қара малдары мен қажетті жем-шөп техникасы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға арзан несие есебінен қол жетімді болады. Ферма жыл сайын бордақылап 20 бұзау және 15 сиыр сатады, ал оның жылдық таза кірісі 4,7 миллион теңгені құрайды. Және осындай шаруа қожалықтарының саны 100 мыңға жеткізіледі.

Бүгінгі таңда статистика бойынша, Қазақстанда 1,2 миллионға жуық адам ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Айта кету керек, ауылдарда 141 мың адам жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығында 464 510 жалдамалы қызметкер жұмыс істейді. Жалпы, жұмыспен қамту тұрғысынан бұл сала сауда, өнеркәсіп және біліммен қатар жетекші орынды иемденетіндігін атап өткен жөн. 2019 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығымен айналысатын қазақстандықтар 4 трлн 931 миллиард 359 миллион теңгеге өнім мен қызмет өндірді - бұл 2018 жылдың қаңтар-қараша айларына қарағанда 671 миллиард теңгеге көп.

0
0
1186

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда агроөнеркәсіптің даму бағыттары туралы - Yvision.kz