Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық қоғам тең құқықтар мен мүмкіндіктердің алаңына айналуы тиіс

Қазақстандық қоғам тең құқықтар мен мүмкіндіктердің алаңына айналуы тиіс. Бұл туралы «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Павлодар облысының Азаматтық қоғам өкілдерімен және жастарымен кездесуде мәлімдеді.

📷📷

«Біздің партия мемлекет пен қоғам арасындағы адал әрі ашық диалогты қолдайды. Мықты азаматтық қоғам – елдің тұрақты дамуының кепілі. Үкіметтік емес ұйымдарға, коммерциялық емес қорларға қолдау көрсете отырып, біз азаматтарды саяси белсенділікке, ел басқару ісіне араласуға ықпал етеміз», - деді ол.

📷📷

Жастарға келетін болсақ, биыл «AMANAT» өзінің «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында 300 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас азаматты жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін орталықтар құрады. Жалпы, 2027 жылға дейін 1,5 млн-нан астам жас жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, партия жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәжірибесін жалғастыруға ниетті. Ал білім қолжетімді болуы үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында грант саны артып, студенттердің шәкіртақысы өседі. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
165

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық қоғам тең құқықтар мен мүмкіндіктердің алаңына айналуы тиіс - Yvision.kz