Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қазақстандықтар «Канвон-2024» Олимпиадасында үшінші медальді қанжығаға байлады

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған. Қазақстан құрамасы бұл сында үшінші орынға табан тіреді. 3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Аустрия 6:5 (4:1, 1:2, 1:2).

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан бүгінге дейін 1 алтын және 2 қола жүлдені қанжығаға басты.

Алтын медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелсе, одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлде иеленген еді.

0
0
187

Осы тақырып бойынша

Қазақстандықтар «Канвон-2024» Олимпиадасында үшінші медальді қанжығаға байлады - Yvision.kz