Қазақ тойындағы әке мен қыздың биі жұрттың ашуына тиді (видео)
Әлеуметтік желіде тараған ұзату әлде үйлену тойындағы "әкесі мен қызының биі" деп аталатын бейнежазба жұрттың жағасын ұстатты.

Бұл видеоға желінің көптеген қолданушылары наразы пікір айтуда. Біз соның бірнешеуін ғана келтіріп отырмыз:
"Білмеймін, ерсі көрінеді екен. Әлде біз жабайымыз ба?! Анандай түрмен жүре алмаймыз ғой".
"Ұятын-ай! Телефонның арғы жағынан мен ұялып кеттім ғой".
"Еркегі бар уйдің қызы немесе әйелі әуретін ашып журсе, сол үйдің еркегі сорлы деген екен".
"Әкемен билегенді қайдан шығарған? Жаман "қазақ орыс боламын деп..." деген бар ғой, соның кері. Әр ұлт өз дәстүрімен жүрген жарасымды болар еді. Жастар дейміз, сол жастарға тоқтау айту біздің, үлкендердің еншімізде ғой".
"Әкемен билесін, бірақ киімі тым ұятсыз. Әкесі қызын қимай құшақтағысы кеп тұр. Бірақ ана денені сипауға ұялып тұрғандай".
"Мен бұлай ашық-шашық әкеммен билей алмайды екенмін. Мүмкін, заманнан артта қалған болармын".
