Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азаматтардың құқығы мен бостандығына баса мән берілген

Борсеңгір ауылдық округінің бастауыш партия ұйымының кезекті жиыны өтті. Күн тәртібіне сәйкес "AMANAT" партиясының саяси тұғырнамасын талқылау болды. Отырыста бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Әлімбекұлы партияның саяси тұғырнамасына кеңінен тоқталды. Ол өз баяндамасында тұғырнамада еліміздегі әр азаматының құқығы мен бостандығына баса мән берілген. Сондай-ақ, партия осы тұғырнама арқылы еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш ретінде, бұлжымас қағидаларын, саяси мақсаттары мен заманауи бағыт-бағдарын айқындалғанын атап өтті.

Жиын сұрақ-жауаппен жалғасты. Кездесуге қатысушылар тұңырнамаға сәйкес өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, партия мүшелері тұғырнаманы толық қолдайтындарын жеткізді.

#AMANATaimak

0
0
220

Осы тақырып бойынша

Азаматтардың құқығы мен бостандығына баса мән берілген - Yvision.kz