Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы.

Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе кеміген. Бүгінгі күні Ақсу қант зауытының кезекті жаңғырту жұмыстарынан кейін өңдеу қуаттылығы 350 мың тоннадан 500 мың тоннаға ұлғайтылды. Зауытта қант қызылшасынан шығатын жомды кептіруге арналған және оны түйіршіктейтін желі іске қосуға дайын. «Қызылша жомы – малға таптырмайтын азық. Облыста мал бордақылау алаңдарының қатары артып келеді, сондықтан кептірілген жомды өткізу қиындық туғызбайды. Оның үстіне жаңа технологияның арқасында жом брикеттеліп, құрғақ күйінде жеткізіледі. Сонда ол ұзақ сақталады әрі өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Сол сияқты ашытқы зауыты мен құрамажем зауытын салу арқылы өндірісті одан әрі кеңейту жоспарда бар. Сөйтіп зауыт қалдықсыз өндіретін кәсіпорын болады.», - деді қант қызылшасы өндірісін дамыту туралы жоспарларымен бөліскен Амандық Баталов. Инвесторлармен бірлесіп, қант зауытында қамыс шикізатын өңдеу бағытында жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл зауыттың жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылға қарай облыс еліміздің ақ қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз ете алады (шығару – 350 мың тонна, қажеттілік – 480 мың тонна). Алматы облысының қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта жаңғырту бағытында атқарған жұмыстары осындай.

0
0
282

Осы тақырып бойынша

Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы. - Yvision.kz