Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін "AMANAT" партисының Ұлытау облыстық филиалында кезектен тыс ІІ конференциясы өтті

Бұл жиынға партияның Жарғысына сәйкес 161 БПҰ атынан 100 делегат сайланды. Оның ішінде саяси кеңес, бюро мүшелері, депутаттар, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдері бар.

Күн тәртібінде партияның Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды және "AMANAT" партиясының кезектен тыс ХХIV Съезіне делегаттар сайланды. Жиынды "AMANAT" партиясының Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Қайрат Балмағамбетов ашып, жүргізіп отырды. Ал басқосуда сөз алған Ұлытау аудандық маслихат депутаты Ахат Құрмансейіт және «Қазақмыс Корпарациясы» ЖШС филиалы құрылыс-механикалық мамандандырылған басқармасының әкімшілік жетекшісі Айнұр Айтенова Саяси тұғырнамада қазақстандықтардың арман-мұраты мен үміті толықтай ескерілгенін, сондай-ақ, партияның қатарында көп жылдан бері мүше болып келе жатқандарды да, оның жаңа мүшелерін де бір мақсатқа біріктіретін құжат болатынына сенім білдіріп, ойларын ортаға салды.

Конференция барысында Саяси платформаның мазмұнымен танысқан партия мүшелері өз ұсыныстарын білдірді. Оның ішінде, «Қазақмыс Корпарациясы» ЖШС қарасты "AMANAT" партиясының Жезқазған аймағының өкілі Әлия Жылқыбайқызы отбасы мен оның құндылықтарының қоғамдағы атқарар ролі әрдайым басты назарда болсын деген ұсынысын білдірсе, «Қазақмыс Корпарациясы» ЖШС «Jastar Bolashaq» ЖК жетекшісі, Сәтбаев қаласының мәәслихат депутаты Луиза Минбаева саяси құжат қарапайымдылық пен қолжетімділік қағидаттарына сай келетінін атап өтті. Сонымен қатар, тұғырнама идеологиясы жастарға түсінікті әрі қызықты болуы керек деген ұсыныс жасады

Конференция отырысының қорытындысы бойынша партияның ХХIV Съезіне қатысу үшін 40 делегат сайланды

#AMANAT #AMANATаймақ

0
0
916

Осы тақырып бойынша

Бүгін "AMANAT" партисының Ұлытау облыстық филиалында кезектен тыс ІІ конференциясы өтті - Yvision.kz