Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін саяси доданың екінші күні. Жер-жерде үгіт-насихат жұмыстары қарқында жүруде.

Алматы облысындағы «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылардың да қарап қалмайтыны белгілі.

Үгіт-насихат жұмыстары 3 қазан сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Жалпы үміткерлер, 31 тамыздан – 6 қыркүйек аралығында сенімді өкілдерден бірлесіп штаб құрып, жеке жұмыс жоспарлары, дебатқа дайындық жұмыстарын пысықтап, әр аудан-қала бойынша күніне үміткерлер кемінде 2-3 кездесулер өткізуді жоспарланған. Санитарлық талаптарға байланысты кездесулерді онлайн түрде өткізу көзделген және әр бастауыш партия ұйымдарда кестеге сәйкес үгіт насихаттық шаралар өткізеді. Кездесулер аясында әр аудандық сайлауалды бағдарлама жобасының негізінде үміткерлер өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, тұрғындардың өтініш-тілектерін жинау жоспарланған.

Жалпы, Алматы облысында 1108 үміткер праймеризге қатысуда. Олар, ҚР Парламенті Мәжілісі, облыстық мәслихат және аудан-қалалық мәслихаттардағы мандат бойынша санаттарды таңдаған. Қорытынды кезең, 1-3 қазан сағат 14.00-ге дейін партия мүшелерінің үміткерлерге дауыс беруі өтеді. Ол веб-портал, мобильді қосымша немесе интернет желісі жоқ мекендерде дәстүрлі түрде дауыс беру учаскелерінде бюлеттен немесе онлайн кабинкалар арқылы дауыс бере алады.

0
0
139

Осы тақырып бойынша

Бүгін саяси доданың екінші күні. Жер-жерде үгіт-насихат жұмыстары қарқында жүруде. - Yvision.kz