Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бөрлі ауылының өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін аудандық қоғамдық штабтың мүшесі Бөрлі ауылының өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық қоғамдық штабтың мүшесі И.Сатимов және Қасым-Жомарт Кемелұлының сенім білдірген өкілі М.Утемуратов қатысты. Кездесуде сөз алған штаб мүшесі И.Сатимов ел Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының жүзеге асып жатқан реформалардың нәтиже бере бастағандығын жеткізді. Жыл сайынғы жолдауларына сай жүзеге асып жатқан жобалардың маңыздылығына тоқталды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы экономика, білім беру, халық денсаулығы сияқты маңызды тұстарына тоқталды. Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні өтетін ҚР Президентін сайлауына бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды.

0
0
132

Осы тақырып бойынша