"Бәйтерек" супермаркетiнiң қызметкерлерiмен кездесу өтті
Бүгін ағымдағы жылдың 26 қазан күні "Бәйтерек" супермаркетiнiң қызметкерлерiмен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты, Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, үгiт - насихат жүргізу. Аталған мекеменің қызметкерлерiне елiмiзде алғаш рет халықтық коалиция арқылы Президенттiкке кандидат ретінде Қ.К. Тоқаевты ұсынғаны айтылды.
Сайлауалды бағдарламасында Қ.Тоқаев:
"Қазақта «Ел» сөзі «халық», сондай-ақ «мемлекет» деген мағына береді. Шын мәнінде, халық пен мемлекет бір-бірінен бөле-жарып қарауға келмейтін – егіз ұғымдар. Сондықтан, мемлекет дегеніміз бұл – ортақ құндылықтары бар халық деген сөз.
Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі және жеріміздің тұтастығы. Сондай-ақ, халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары.
Біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, оның қолдану аясын кеңейту үшін барлық жағдайды жасаймыз. Тілге байланысты ешқандай қысымға жол бермейміз" деп айтқаны баяндалды.
Кездесуге қатысқан қызметкерлер, сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.
#Toqaev2022





