Бақбақ
Бақбақ астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді.
