Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілген жиын

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілген жиын

Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда бейне-конференц байланыс режимінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Закиеваның төрағалығымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру барысы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы нақты қойылған талаптарды жүзеге асыру бойынша өткен отырыс жұмысына облыстық білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар саясаты мәселелері басқармалары мен өңірлік ювеналды полиция басшылары қатысты.

Аталмыш жиын жылдың алғашқы отырысы болғандықтан партиялық жобаның өткен жылдағы отбасы, бала тәрбиесі, зорлық – зомбылыққа қатысты барлық атқарылған шаралардың қорытындысы айтылып, алдағы уақыттағы жұмыстар нақтыланды. Өңірлерде ұйымдастырылған жұмыстардың қорытындысы аталып өтті.

«111 шұғыл қызметіне» қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін 4610 қоңырау шалынған. Басты мәселелердің бірі болып, әлеуметтік көмек қалай алу керек болса, 141 қоңырау денсаулық мәселелері жөнінде, ал 80 адам отбасындағы зорлық – зомбылыққа қатысты мәселелер жөнінде қоңырау шалған болатын.

Кездесу соңында әр аймақтан «Бақытты отбасы» партиялық жобасының жұмысын әлі де жүйелендіру бойынша ұсыныстар жолданды.

0
0
165

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілген жиын - Yvision.kz