Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балалардың тұрмыстық жағдайының жақсаруы және білім алуы бойынша мониторинг жүргізілді.

Бүгін республикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша өңірлік Отбасы, әйелдер және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес арнайы мектеп-интернаттардағы балалардың тұрмыстық жағдайының жақсаруы және білім алуы бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторингтік топ құрамына жергілікті атқарушы мекемелердің өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және облыстық Nur Otan партиясының қызметкерлері кірді. Аталған мекемелерде: облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп-интернат-колледжінде барлық құжаттар, барлық хаттамалар тексерістен өтіп, заңнамаға сәйкес ешқандай олқылықтар анықталмады.

0
0
200

Осы тақырып бойынша

Балалардың тұрмыстық жағдайының жақсаруы және білім алуы бойынша мониторинг жүргізілді. - Yvision.kz