Батыс Қазақстан облыстық маслихатына «Nur Otan» партиясынан депутаттарының тізімі жарияланды
Батыс Қазақстан облыстық маслихатына «Nur Otan» партиясынан депутаттарының тізімі жарияланды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 25 кандидаттан тұратын тізім бекітілді.
Сайлау қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттығына 31 орынның 25-і (80,6%) «Nur Otan» партиясына бөлінген. Олар ішінен 32%-ы әйелдер, 20%-ы жастардан құралады.
Жалпы, облыстық маслихаттағы депутаттық корпус 64%-ға жаңарды. Орташа жасы - 47, яғни 6 жылға жасарды.
Жаңа Фракция алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүйелі түрде бақылау және жаңа реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттері тұр.
