Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тұрғындарды қабылдады.

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Қабылдау онлайн форматында өтті.

Хабарласқан Орал қаласы Сарыарқа шағын ауданының тұрғыны дәрігерлік амбулатория мекемесін жаңа үлкен ғимаратқа ауыстыру жөніңде көмек сұрап байланысқа шықты. Қазіргі уақыттағы дәрігерлік амбулатория мекемесінің ғимаратты ауқымы кіші екенін айтты. Барлық байланыс деректерін жазып алынып, Нұралиев Айдар Аллабергенұлы мәселені өз бақылауына алатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді. Байланысқа қосылған тағы бір тұрғынымыз- мүмкіндігі шектеулі баланың анасы қаламызда параспорт орталықтарын ашып, өңіріміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мекемелерін қолдауды күшейту керек екендігін атап өтіп, жаңа орталықтарын ашу қажеттігін хабарлады. Айдар Аллабергенұлы аталған мәселеге байланысты тиісті мекемелерге сауал жолдап, бақылауға алып, жеті қадағалайттынын мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.

0
0
412

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тұрғындарды қабылдады. - Yvision.kz