Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Белсенді жасотандықтар марапатталды

Бүгін, облыстық партия филиалында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауының жеңімпаздарын марапатттау рәсімі өтті.

Республикалық байқауға Жетісу өңірінен 8 «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелерімен еріктілері қатысып, І-дәрежелі диплом, Қазақстан Республикасы жастарының «Алтын кітабы» және ҚР дарынды жастары «Алтын төсбелгісінің» иегері атанды.

Республика бойынша Жастардың «Алтын кітабына» 200 жас енген болса, соның 8-і Жетісулық Жасотандықтар еніп отыр.

Марапатталушы жастарға марапаттарды «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы табыстап, ақ тілегін білдірді.

1
0
163

Осы тақырып бойынша

Белсенді жасотандықтар марапатталды - Yvision.kz