"Береке" ПИК қызметкерлерiмен кездесу
Бүгін «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен Ақсай қаласы, 5 шағын аудандағы "Береке" ПИК қызметкерлерiн таныстырдық. Қоғамдық штабтың төрағасы О.Тулемисов, штаб мүшесі А. Имашева қызметкерлердiң жеке сұрақтарына да жауап бердi. Сонымен қатар Қ.Тоқаевтың «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді. Елімізде алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріледі. Үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің құрылысы түгел аяқталады" деген сөздерiн баяндап бердi. Тұрғындар сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты. #Тoqaev2022




