Бесік жыры 2, «Әлди, әлди бөпешім»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Колыбельная «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Балапан телеарнасы «Айжұлдыз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Өміріме, нұр берген,
Гүл жайнатып, тербеткен.
Бақ нұрымен, төгілген,
Тәй – тәй басып, жүгірген.
Әлдилетіп, ән айтып,
Қараймын мен, сүйсіне.
Күнде, барады қайтып,
Ұйықтаймын деп, үйіне.
Аспандағы жұлдыздар,
Тек жымиып, тұрғандай.
Соған қарап, ойыншықтар,
Шаршап, ұйықтап жатқандай.
Әлди – әлди, бөпешім,
Еркелетіп, иіскейін.
Ұйықтай қойшы, көкешім,
Өскеніңді көрейін.
