Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бір адам бар, жүрегімнің иесі...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Я скучаю»

Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Бір адам бар, жүрегімнің иесі,

Баурап алған, бір өзіне, көңілімді.

Бар тілегім, жұқармасын жүйкесі,

Бұл сезімнің, ол, өйткені төресі.

Мейлі кетсін, мейлі болсын алыста,

Неткен сезім, қала берген жылдарда.

Қуат берген, өмір майдан шайқаста,

Тік тұрғызған, қайсарлықпен сынақта.

Сүйген де бар, сүймеген де жалғанда,

Қалай ғана, мен ренжимін тағдырға.

Сезім берген, ғашық еткен сағымда,

Жылатса да сендірген, тағы атқан таңдарға.

1
0
3621

Осы тақырып бойынша