Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бір мезгіл, тоқтап, ойланайық адамзат

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Бір мезгіл, тоқтап, ойланайық адамзат,

Өмір толы, бірде қасірет, не рақат.

Теңдеу бізге, ең керегі, парасат,

Бір Алладан, бізге болса, тек рұқсат.

 

Қандай ғажап, бізді осылай, жаратқан,

Екі аяқпен, талай жерге, апарған.

Екі қолды, еңбек үшін, бұйыртқан,

Ой санамен, асауларға, ұшыртқан.

 

Жарық дүние, көру үшін, жаратқан,

Екі көзді, адамзатқа, ұсынған.

Қос кірпікке, керек орын, табылған,

Шаң топырақтан, қос жанарды, сақтаған.

 

Тілді берді, жеткізсін деп, сөзімен,

Бар әлемді, сұлу әнімен, тербеткен.

Ауыз керек, күн көруге, ауқатпен,

Күш қуатта, болу үшін, күнімен.

 

Бауырмашыл, жылы сезім, болсын деп,

Жүректі де, бізге Алла, сыйлаған.

Дұрыс шешім, табу үшін, керек деп,

Тіршілікті, ой кірпішіпен, қалаған.

 

Табиғатты, біздер үшін, жаратқан,

Жерді, суды, тауды тастан қалаған.

Мынау аспанда, күн сәулесімен, жараған,

Бұл керемет, тек Алладан, сыйланған.

 

Қандай ғажап, Жаратқанның құдіреті,

Бәрін ойлап, дайындаған, біз үшін.

Тұмар қылып, сақтайық, бұл қасиетті,

Сонда ғана, сезінеміз, Жаратқанның, бар күшін.

0
1
560

Осы тақырып бойынша

Бір мезгіл, тоқтап, ойланайық адамзат - Yvision.kz