Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бір жарық шам...

Айналам - "қара түнек". Кей кездері ғана жарқ ете қалған жарықтың сәулесін жанарым шалып қалатыны болмаса, қараңғылықтан басқа ештеңені көрмеймін. Ол жарық сәулелер жас жанарымның алдында көп тұрмайды, қап-қара түнекке еріп. жоқ болып кетеді... Кезекті "сәуле" көзіме көрініп, алдамшы жылуын сыйлап, жанарымды алдады. Көп ұзамай, әдетінше, ол да ғайып болды. Мейлі, менің жанарым қараңғылыққа әбден үйреніп қалған. Ол үшін қайғыра қоймадым. Үйреншікті әдетіммен жарықсыз өмірімді жалғастырып келемін. Жан-жағымнан қоршап, жаймап алған қара түнекте алданып, алдамшы сәулеге еріп кетемін бе деп қорқамын. Сол ойды жұмыр басыма құйып алған, мына менің сенімім күні кеше өшкен. Белгісіз бір жағдайда, белгісіз бір жерде өткен шағымда көрген алдамшы сәулерден өзгеше, нағыз жарық шамды кезіктіретінме сенімім мол. "Жарқырағанның бәрі алтын емес" деп бекер айтпаған ғой, бірақ сол жарқырағанның ішінде алтын да бар. Сол себепті де алдамшы сәулелердің арасынан бар шұғыласын шашып, бойындағы барлық жылуын сыйлатын бір жарық шам маған да жолығар. Мен оны асықпай күтемін... Тағдыр мені алдамайды..

1
0
2466

Осы тақырып бойынша

Бір жарық шам... - Yvision.kz