Араға тағы да жылдарды салып...
Сүйікті қалам - Алматыдағы сенбі кеші. Күні кеше виртуалды өмірден алшақтау мақсатында инстаграм парақшамды өшіріп, шынайы өмірдің бар дәмін сезінуге қадам жасаған едім. Бәлкім, уақыт өте инстаграмның ар жағындағы адамдардың өмірі қызықтыруды қойған да шығар, бірақ жылдар бойы сәттерімнен жинақталған парақшамды қимағаным рас. Себебі ол жерде менің ойларым мен бояусыз шынайы өмірімнен жинақталған фото мен бейнелер тұғын. Солай ойға батып отырғанда Yvision есіме түспесі бар ма... Бұл жердегі аккаунттың құпиясөзі сақталған екен, үш жылды араға салып, қайта кіруім қиындық соқпады. Елдің көзіндегі және жасырылған жазбаларды оқып шықтым, ішімде керемет сезім, өткенге өкінішсіз. Керісінше, рақымшылдық күйімен, өткенге алғыс айтумен болдым. Мейлі, кейбір жазбалар меланхолиялы күйде жазылған болса…