Бір жылда үш машина алдым

"Жас кәсіпкер" жобасының кезекті қонағы алматылық кәсіпкер - Нәби Елдос Өмірсерікұлы. Тендер кәсібімен айналысатын кейіпкеріміз сұхбат барысында кәсіп ашу, оны дамыту қаншалықты қиын екендігімен бөлісті. Ол табысты бизнес көзінің кілті жұмысқа деген адалдық пен тұтынушыға деген сенім деп біледі.

-Елдос алғашқы сұрақты өмірбаяныңыздан бастасақ.
Есімім Елдос Өмірсерікұлы. Жасым 22-де. 2001 жылдың 16 наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келдім. Балалық шағым 17 жасыма дейін Шымқалада өтті. 17 жасымда Алматы қаласы КазНАУға оқуға түстім. Соңғы 5 жыл ішінде Алматы қаласында тұрып жатырмын. 2022 жылы үйлендім.
-Бала Елдостың арманы қандай еді? Мамандығыңыз қандай?
Бала Елдостың арманы кәсіпкер болу. Себебі, кішкентай кезімнен кинолардың өзінен-ақ кәсіпкер емін-еркін өмір сүре алатынын көріп өстім. Кәсіпкер сөзін еркін деп білемін. Білемін кез-келген адам кәсіпкер бола алмайды. Себебі, кәсіп тәуекелділікті жақсы көреді. Ал, көп адам тәуекелге барғысы келмейді. Менің кәсіпкер болуға себеп болған ұстанымым: "Не тәуекел етесің, не болмаса тәуекел еткен адамға жұмыс істейсің!" Мамандығым - агроном. Бірақ, бұл мамандыққа армандап келдім деп айта алмаймын. Ең басты ойым Алматы қаласына оқуға түсу, психологтардың тілімен айтқанда зона комфортадан шығу болды.

-Кәсіпкерлікке келуіңізге не себеп болды?
Мені бала күнгі арманым кәсіпкерлікке алып келді. Мамандықпен істеп белгілі бір мөлшерге жетуге болады. Бірақ, қаржылай еркін болып кетпейсің. Ертең ата-анама, бала-шағаға емін-еркін, кез-келген қалаған затын алып бере алатындай болу үшін кәсіпкер боламын деп шештім. Менде үлкен мотивация болды. Көбісі мотивацияны көшеден іздеп жүреді ғой. Мен мотивацияны өзімнен тапқан адаммын. Маған біреудің берген мотивациясынан гөрі өзімнің алға қойған мақсаттарым құнды. Мақсатың биік болса ешқандай кедергіні көрмейсің дейді ғой. Дәл солай мақсат биік болғандық болар қиындықтар маған тосқауыл болған жоқ.
Кәсібіңіз жайлы тарқатып айта аласыз ба? Мемлекетке сіздерден пайда ма әлде , сіздер бюджеттің ақшасынан алғанды табыс деп есептейсіз бе?
Қазіргі кезде тендер саласы ең сенімді сала деп есептеймін . Себебі, басқа маркетплейстер сияқты ақшаңыз қайтпай қалу деген жоқ. Барлығы заң жүзінде келісімшарттар негізінде жүзеге асады. Біз бюджетті экономдауға үлес қосамыз. Мысалы, бір затты алу үшін мемлекет 10 млн тг бөлді деп алайық. Оған поставщиктер қатысып бағасын 4 млнға ұтып алады. Сонда мемлекетке біз қайта 6 млн тг үнемдеп жатырмыз.

-Сіздің өмірлік қағидаңыз қандай? Қандай ұстанымдарды өзіңізге серік етесіз?
Менің өмірлік қағидам - үнемі алда болу, даму. Себебі, кішкентай кезден жарыстарда тек 1 орын алып үйреніп, кез келген ортада бірінші болып жүретінмін. Идея келсе бірінші болып Сен істейсің болмаса біреу істейді! Мен көп тәуекел ететінмін. Алла Тағала тәуекел еткен құлдарын жақсы көреді дейді ғой. Аллаға аманат етіп, тәуекел қылып, сол ісімді қолымнан келгенше орындайтынмын.
- Бала кезіңізде ата-анаңыздан естіген қандай сөздер жігерлендірді немесе жігеріңізді құм етті?
Бала кезімнен ата-анам маған көп үміт артып , сенім білдірді. Әрқашан қолдау көрсетіп, ақылдарын айтып отырды. Әлі күнге дейін кез-келген іс бастарда ата-анамның батасын алмай бастамаймын. Себебі, ата анамның қолдауы мен үшін қатты маңызды.

- Аталмыш салада қандай жетістіктермен мақтана аласыз?
Тендер арқылы арман мақсаттарымды жүзеге асырып келе жатырмын. 1 жылда 3 машина алдым. 2022 жылы 250 млн оборот жасадым. 2022 жылы отау құрдым. Кез келген жақыныма қиналмай қымбат сыйлық ала алатын болдым. Осындай мүмкіндік берген Аллаға сансыз ШҮКІР.
- Сіздей маманның болуы бізге және елге қандай игілік әкелуі мүмкін?
Бұл сала арқылы қазір жұмыссыз жүрген жастар өздерінің бизнестерин 0-ден бастай алады. Мысалы, кез-келген бизнес бастау үшін қаржы талап етеді. Ең бастысы риск жоғары. Ал, біз тендерде қалай қай кезде тәуекелге бару керек екенін үйретеміз. Мемлекетпен сауда жасап үйренеді. Қарапайым Қытайдан уақытылы товор алу деген сияқты. Негізі, біздің Қазақстан басқа мемлекеттерге қарағанда жеке кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік беріп қойған. Мысалы, қарапайым салықтың өзі 3% ғана. Көп адамдар ИП ашудан қорқады. Бірақ, қарап отырсаңыз оның беріп тұрған мүмкіндігі өте көп. Мысалы, ИП арқылы декретке 1.8 млнмен шығуға болады. ИПмен 5 млн мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға қатыса алады. Мен сол мемлекет беріп отырған мүмкіндікті халыққа көрсеткім келеді.
- Негізі көздегеніңіз не? Қандай бағытта жұмыс жасағыңыз келеді? Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз…
Негізгі көздегенім - өзіме мықты тендермен айналысатын кәсіпкерлер жинап бір команда қалыптастыру. Болашақтағы жоспарым 2023 жылы 1000 табысты миллионер шығару 😊 Қазір осы бағыт бойынша нақты қадамдар жасаудамын.

- Жұмысыңызға қатысты есіңізде қалған қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз.
Небір қызықты кездер өтті ғой :) Соның бірін айтар болсам. 2018 жылы оқуға түскен кезде көп жұмыстар оқумен қатар істеп көріп жүрдім. Бір кезде екі жұмыс қатар жасайтынмын. Бір күні курьер болсам, бір күн аспаз болып жұмыс істеген кездерім де болды. Бірде жұрттың бәрі жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр, ал мен болсам дәл 31 желтоқсан күні барлығы мерекелік күшті көңіл күймен жүрсе түнгі 1-де мен әлі пицца тасып жүрмін. Осы оқиға өзіме қатты әсер етті. Үйге барып ойландым. Мен осылай жүрсем қашан көтерілемін деп. Сол күннен кейін ол жұмысқа шыққан жоқпын. Өзімнің жинаған ақшама тағы ақша қосып барахолкадағы Алатау базарынан музыкалық аспаптар сататын дүкен аштым. Алғашқы бизнесім болғандықтан, басында қызық болды. Кейін менде тұрақты тұтынушылар пайда бола бастады. Байқасам, келушілер менен тауарды тендерге деп алатын. Сонымен сол кездерде карантин басталып, базарларды екі аптаға жауып тастағандықтан, ол кәсіпті жабуыма тура келді. Не істесем болады деп көп ойландым. Менен алып тауарды тендерге өткізсе яғни пайда көріп жатыр ғой деген ой келді. Сонымен базардағы точкамды жауып, тендер саласымен айналысамын деген шешімге келдім.

- Сұқбатыңызға көп рахмет! Жас болсаңыз да білгеніңізбен бөліскеніңізге ризамыз. Оқырмандарға тілегіңіз болса.
Не нәрсе бастасаңыз да, қорықпаңыз. Қолыңыздан келетіннің бәрін жасап көріңіз. Бәлкім қателесерсіз. Құларсыз. Ең бастысы, қайта тұрып ары қарай жүріп кетуге талпыныңыз дегім келеді. еліміздің әрбір тұрғыны бай да, бақуатты бола берсін!
- Рахмет!
Сұқбаттасқан: НАЗИРА БУРХАНОВА
Инстаграм: @burhanova.nazyra
#НәбиЕлдосӨмірсерікұлы
#НәбиЕлдос
#ЕлдосКӘСІПКЕР
#КӘСІПКЕР
#ТЕНДЕРАЛМАТЫ
#Алматытендермаманы
#жаскәсіпкер
