Бірлігіміз басты байлық!
Шара аясында этно мәдени бірлестік өкілдері өңірдегі этносаралық татулық сұрақтары жайлы ой бөлісіп, еврей, кәріс, татар, славян орталықтарының мамандары ұсыныстарын атап өтті.

«Достық» БПҰ-ның төрайымы А.Тәңірбергенова өз сөзінде: «Достық үйі біздің бастауыш партия ұйымымен бірлескен жұмыстарын нәтижелі атқаруда. Пандемияға қарамастан, біз жыл басынан бері этносаралық татулықты сақтау бағытында маңызды семинарлармен кездесулер, акциялар өзінің маңыздылығын көрсетті» - деп атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар ұсыныстары бойынша шешім қабылдап, іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілетін болды.

