Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Биылғы сайлау алғашқысымен қоса, ашықтығымен де маған ерекшеленді» - дейді жас үміткер

Шаттық Утебалиева – Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер ұстаз. Өзінің алғаш рет қатысқан саяси додасында тұрғындардың жеткілікті дауысын жинап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыруда белсенді жұмыстар жүргізіп келген жас үміткер.

Әлеуметтік желілердегі басымдықтарды пайдалынып, партия атынан ұсынылып жатқан үміткерлер 2 ай көлемінде тұрақты түрде әр түрлі әлеуметтік топтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келді. Сол секілді онлайн тікелей эфирлердің бірі, бүгін Шаттық Саматқызының инстаграм парақшасында оздырылды.

Жастармен өткен кездесуде, желі пайдаланушылары үміткерге бірнеше сұрақтар қойды. Оның ішінде студент жастарға арналған басымдықтар және жас отбасыларға көрсетілетін қолдаулар да айтылды. Бұл орайда, үміткер партияның сайлауалды бағдарламасын алға тартып, алдағы жылдары студенттер үшін гранттар саны мен шәкіртақы көрсеткіштерінің өсетіндігін жеткізді. Сонымен қатар, жас отбасылар үшін жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтерлер беріліп, колледждер мен ЖОО-дағы жатақханалар санының 50 мыңға артатындығын айтты.

0
0
145

Осы тақырып бойынша