Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біздің күшіміз бірлікте!

Халықтың бірлігі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменді дамуы идеясына деген шынайы сенімі – еліміздің дамуы мен қоғам болып ұйысуының мықты іргетасы. Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" – деді . Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Елімізде бейбіт митингімен басталған шеруді өз мақсаттарына пайдаланған теріс пиғылды лаңкестер елімізге төндірген қауіпті кезеңде берген антына адал болып мерт болған әскери қызметкерлер мен шеруге қатысып қайтыс болған адамдардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Ауданымыздың тыныштығын, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күні -түні бекеттерде жүрген ауданның барша азаматтарына алғысымыз шексіз. Осы қиын уақытта Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзіне берілген құқық аясында Тәуелсіздігімізді қорғау үшін дұрыс шешім қабылдады. Қабылданған шешімнің дұрыс екендігін барлық қазақстандықтар қолдауда және ол өз нәтижесін беріп жатқандығын көріп отырмыз. Мен "Nur Otan" партиясы Ақсу аудандық мәслихат депутаты ретінде толық қолдаймын. Біздің күшіміз бірлікте!

0
0
438

Осы тақырып бойынша

Біздің күшіміз бірлікте! - Yvision.kz