Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Цифрлы технологиялар қазіргі заманның басты талабы

Егеменде шыққан мақалада Президентіміз бір-қатар маңызды сұрақтарға айқын жауап берді.

Оның ішінде баршамызды қызықтыратын банктер жүйесіне көмек, митингтер туралы заң, тағы да басқа сұрақтар бар.

Өз жұмысына сыны да бар: – Президент қызметіне кіріс­кені­ңізге бір жылдан асты. Осы уақыт аралығында бірқатар мақсат-мін­детті алға қойдыңыз. Жалпы, өз бастамаларыңыздың орындалу барысына көңіліңіз тола ма?

Біздің саламыз туралы да айтып кетті:

Бүгінде цифрлы технологиялар қар­қынды дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласына дендеп еніп келеді. Біз осы үрдіске баса мән беріп отырмыз. Бұл – қазіргі заманның басты талабы. Мұны коронавирус індетіне байланысты туындаған күрделі кезең анық аңғартты. Менің тапсырмам бойынша Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында анықталған кемшіліктерді ескеріп, қайта қарайды. Цифрландыру үдерісі елімізді өркендетуге тың серпін беретіні сөзсіз. Оның мән-маңызы арта бермек.

Автор: Мусин Багдат

0
0
393

Осы тақырып бойынша

Цифрлы технологиялар қазіргі заманның басты талабы - Yvision.kz