Дархан Бейсенбекұлы
Дархан Бейсенбекұлы 1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Нағарашы ауылында дүниеге келген. Қаламгердің «Жалғыз жұлдыздың жарығы» атты әңгімелер жинағына балалар әлемі мен жасөспірімдер тақырыбына қалам тербеген туындылары өзінің шынайылығымен, ауылдың аңғал мінезімен ерекшеленіп, оқырман қауымды бірден баурап әкетеді.
