Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Г.C.Керимбекова, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында Г.C.Керимбекова сот мамандарына кодекстің негізгі ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік қызметті жүзеге асыру ерекше сенімділіктің көрінісі болып табылатынын, және жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің моральдық - этикалық сипатына қойылатын талаптардың күшейіп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі Әдеп кодексінің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік қызметтін беделін түсіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бермеуге бағытталған және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін сақтауда жауапкершілік деңгейін көтеруге бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылатындығын тілге тиек етті.

Семинар соңында мемлекеттік қызметшілердің әдебін, еңбек тәртібін қатаң түрде сақтауы тиістілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары мен үрдістері айтылды.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
174

Осы тақырып бойынша

Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өткізілді - Yvision.kz