Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент басшысы М.Мұратбековтің Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмыс сапары

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков жұмыс сапары аясында «Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болды. Бұл орталықта 49 қызмет алушы тұрады. Жұмыс сапары барысында тұру жағдайымен және алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 7 түрін ұсыну сапасымен танысты. Бұл әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік - құқықтық қызметтер.

Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі осы мекеменің қызметіне тексеру жүргізуде.

Департамент басшысы Орталықтың қызметіне мониторинг жүргізіп және осы мекеменің проблемаларын зерттеді.

Осы тақырып бойынша

Департамент басшысы М.Мұратбековтің Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмыс сапары - Yvision.kz