ЕҚЫҰ байқаушылары «AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабына келді
📷📷
Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ Бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясының өкілдері «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабына келді.
📷📷
Штаб мүшелері оларды үгіт және талдау орталықтарының, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.
📷📷
Жалпы, үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері аманаттықтар 3 446 500 қазақстандық қатысқан 29 200 іс-шара өткізді. Кездесулер барысында сайлаушылардан 27 400-ден астам ұсыныс-пікір жиналды. t.me/AMANATPartiyasy
