Экология жөніндегі Қоғамдық Кеңес
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Экология жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы Аскар Сарсенғалиевтің төрағалығымен онлайн форматта отырыс өткізіліп, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер қаралды. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен қатар, тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты.
Отырыс күн тәртібіне сай Жәнібек аудандық тұрғын-үй ,коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев ауданда жинақталған тұрмыстық қалдықтар жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, хабардар етті. Отырысты қорытындылаған Біржан Қуаналиев қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, осы міндеттерді іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру қажеттілігін баса айтты.

