Экспромт-кездесу өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында қоғамдық штаб мүшелері сауда орталығында экспромт-кездесу өткізді. Қоғамдық штаб мүшесі - Дүйсенов Серiк Чапайұлы және штаб жетекшісі О.Тулемисов сайлаушылармен кездесiп, Қ.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды. Сайлауалды бағдарламада жазылған шаралар туралы баяндады. Азаматтар сайлауға баратындарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты.
#Toqaev2022





