Экстремистік ұйымға тыйым салынды
«Ат-Тәкфір уаль-Хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында тыйым салынды.
Ғаламдық геосаяси күрестің бөлімі болып ислам іліміне еркін түрде түсінік беру болды.
Мұсылмандар арасында араздық тудыратын ағымдардың бірі «ат-Тәкфір уаль-Хижра» экстремисттік ұйымы. Олар ұстанатын тәкфиризм идеологиясындағы «тәкфір» - кәпір деп айыптау немесе үкім шығару. Ұйым мүшелері мемлекетті «кәпір» деп айыптай алады. Осылай атаған соң, оның билігіне қарсы жихад жариялайды.

Ұйым атындағы екінші сөздері – «хижра» - діни ілімді қорғау мақсатында жер аударуды білдіреді. Бұл ұйым үшін хижра – зайырлы заң ұстанушы қоғамнан тікелей емес жанама бөлектену немесе басқа мемлекетке дінін қорғау үшін қоныс аудару.
«Ат-Тәкфір уаль-Хижра» ұйымы 1960 жылдары Мысыр елінің түрмелерінде басталды. Ол адамдар мемлекеттік билікті, Мысыр елінің бүкіл халқын «кәпір» деп атап, жүйені мойындаудан бас тартты.
Олар керіптартпалықта жақтайды, салт-дәстүрден, қалыптасқан қоғамның негіздерінен бас тартуы, олардың мұсылмандық ілімде біржақты әрі тікелей түсініктемеге сүйенетіндігінене көрінеді. Осындай ұйымдағылар туған күнді тойлау, аптадағы күнді ерекше белгілеу, мерекелерді мен басқа да осындай сияқты шараларды мойындамайды және жол бермеуге тырысады.
Тәкфиризмге ілінген адам тез арада өз елінің рухани мұрасын мойындамай, патриотизм мен адамгершілік қасиеттерден бас тарта бастайды.
Қазақстандық жастарды олардың қатарына тоқтамай қосылу фактілері бар. Отандастарымыздың Сириядағы қарулы жанжалда әрекет етуі тәкфіршілдікті насихаттау салдары деп айтуға болады.
