Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ел үшін маңызды қадам жасаймын

Партияның партияішілік іріктеуі заманауи тәсілмен, ашықтық пен жариялылықты мақсат етіп отыр.

Праймериз дегеніміз партия ішіндегі айтыс. Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсынастары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады.

Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы ұлтжанды азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік береді

Елдің ертеңінің жарқын боларына сенетін, қоғамды ілгері дамытуға аянып қалмайтын жан ретінде праймеризге мен қатысамын!

Гүлшакира КУЙКАЛАКОВА,

Қаратал ауданы, №97 балабақша директоры

0
0
184

Осы тақырып бойынша

Ел үшін маңызды қадам жасаймын - Yvision.kz