Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Елбасы және біз" онлайн конференция

Бүгін 27.11.2020ж #6 мектеп-лицейінде жас мамандармен "Елбасы және біз" тақырыбында онлайн конференция өтті. Мақсаты - жас мамандармен Елбасымыздың өмір жолын, салиқалы саясаты туралы сөз ету, үлгі аларлық өнегесін дәріптеу.

Құттықтау сөзді мектеп-лицей директоры К.М.Султанова бастады. Жас мамандарға видео, презентация ұсынылды, талқыланды.

Елбасымыздың мықты саясаты арқылы қазіргі уақытта бейбіт өмірде сүріп жатқанымыз, бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекетпіз.

Сондай-ақ, жас мамандарға НұрОтан партиясы туралы айтылды. "Нұр Отан" өз ұстанымы мен саясатын қалыптастырған кезде центристік көзқарасты ұстанады, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кең ауқымды әлеуметтік базаға негізделген байыпты және ымырашыл саяси бағыт ретінде негіздеме берді. "Нұр Отан" азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды бірінші орынға қоятын, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретіндегі күшті, тиімді мемлекетті қолдайды!

Қатысқан ұстаздар саны - 20.

1
0
113

Осы тақырып бойынша