«Елбасының 5-әлеуметтік бастамасы»
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында 2018 жылдың сәуір айының 02-ші жұлдызында «елбасының 5-әлеуметтік бастамасы» атты семинар өтті.
Аталған іс-шара ауддандық соттың мамандары мен кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қатысқан болатын.
Кеңсе меңгеруші И.А. Кумысбаева өз сөзінде елбасының 5-әлеуметтік бастамасы арқылы халықты қолжетімді баспанамен қамту, салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын, бұл жоба бүгінгі күні адамдар алаңдатып отырған ең өзекті мәселелерге байланысты жасалып отыр. Іс-шара барысында 5-әлеуметтік бастаманың әр-қайсысына жеке-жеке тоқталып сот мамандарына еліміздің тұрғындарына тигізер пайдасын баяндап берген болатын.
Семинар соңында қатысушыар өзара пікір алмасты.


