Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндірді

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі аудандық мәслихат депутаты Берік Ихсанов және "Оңтүстік-Шығыс" бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдар Джуманиязовтың қатысуымен Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын және партияның Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген отырысының қорытындыларын талқылау мақсатында жиын өтті. Кездесуде Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндірді - Yvision.kz