Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын түсіндірді

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев және ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Саида Избасова «Батыс» бастауыш партия ұйымына қарасты "Мектептен тыс жұмыстар орталығы " мен «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» мекмелерінің ұжымымен кездесті. Кездесуде күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
147

Осы тақырып бойынша

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын түсіндірді - Yvision.kz