Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Электрондық сот төрелігі» атты тақырыбында семинар сабақ

2019 жылдың қаңтар айының 28-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Электрондық сот төрелігі» атты тақырыбында семинар сабақ өткен болатын.

            Аталған іс-шараны Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының қызметкері А.А. Баймухамбетованың жүргізуімен мен Алматы қаласында Жоғарғы оқу орындарында заңгер мамандығына білім алып жүрген студенттердің қатысуымен өткізілді.

            Жетісу аудандық сотының маманы А.А. Баймухамбетова семинарға қатысушыларын ақпараттық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстырды және «Сот кабинеті» «Төрелік» «Аудио-Бейне тіркеу» ақпараттық сервистерінің  ерекшеліктерін көрсеткен болатын.

           Бүгінде тараптарға өзінің өкіліне өкілдік беруге сенімхат ресімдеу үшін

нотариусқа барудың қажеті жоқ, бар болғаны интернетке қолжетімділік пен электрондық- цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болуы керек. «Бүгін біз осы сервисті «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы арқылы iOS, Android және Windows Phone мобильдік платформаларында пайдалана аламыз», - деп түсіндіріп айтып кеткен болатын.

           Іс шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Осы тақырып бойынша

Электрондық сот төрелігі» атты тақырыбында семинар сабақ - Yvision.kz