Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамиде ширек финалға шықты

Қазақстандық екі теннисші Майамиде өтіп жатқан  WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Олар - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева.

undefined

Сурет: t.me/prokadrykz 

Еліміздің үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Мэдисон Кисті 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 23 минутқа созылған.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 21 минутқа созылған. Бұл – оның спорт жолында WTA 1000 сериясы бойынша турнирлердегі үшінші ширек финалы.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен, ал Путинцева белорус Виктория Азаренкомен ойнайды.  

0
0
242

Осы тақырып бойынша