Елена Юлияны жеңді
Бүгін Мадридтегі (Испания) WTA1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші қыздар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бір-бірімен ойнады.
Фото: © Clive Brunskill / Staf / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
Бұл қазақстандық дерби 4:6, 6:7 (4), 7:5 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Үшінші шешуші сетте Юлия 5:2 есебімен алда болып еншісінде екі матчбол болған.
Осылайша, Елена Рыбакина аталған турнирдің жартылай финалына шықты.
Айта кетейік, кеше Рыбакина мен Путинцева матчында кім жеңетініне қатысты сарапшылар болжамы туралы жазғанбыз.
