Елге қызмет ету - қасиеттен
Азаматты көп ішінде не айшықтайды? Қарым-қабілет, мінез, болмыс, тағысын тағы. Саралай білсек, нағыз ерге тағар қасиет көп. Сондай қасиеттің біршамасы бойда бола тұра туған жерге, өсіп-өнген елге сүйіспеншілік болмаса бәрі бекер. Отанды сүю сол Отанға қызмет қылудан басталады. «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы», - дейді Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы. Өзі сөз мені де қанаттандырады. «Nur Otan» партиясының оң жамбасқа алған партияішілік іріктеу, нағыз көшбасшыларға жол ашу қадамын мен де қуаттаймын. Бұл еліміздің әлеуеттік даму динамикасына оң серпін береді.
Еңбек жолын медицина саласында халыққа қызмет көрсету арқылы бастап, бүгінде сол саланың ілкімді ілгерілеуіне еңбек етіп жүрмін. Бұл жолда өз азаматтық ұстанымымды қалыптастырып, қоғамдық өмірдегі өз орнымды нығырладым. «Мерген болар жігіттің, жебеде болар жұмысы» деген. Партияның праймериз бастауына мен де үн қосып, ел үшін қызмет қылмақпын. Өйткені, халықтың болашағы жолында аянбай еңбек ету қасиеттен.
Біржан ҚҰМАРОВ,
Қаратал ауданың Орталық ауруханасының директоры
