Елім деп соққан жүрегім
Алматы облысыныда партияның ардагерлер қауымдастығы "Елім деп соққан жүрегім" атты челленджін ұйымдастырып, ҚР Тұңғыш Президентінің ел дамуы жолындағы атқарған еңбегі жайлы бейнетүсірілімнен бөлісті

Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсететін күн. Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз.
