Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елімізде жауын-шашынды, желді ауа райы сақталып, тіпті көктайғақ болады

"Қазгидромет" бүгін және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті.

undefined

Фото: sputnik.kz

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады деген болжам бар. Жетісудағы Алакөл ауданында кей жерлерде желдің күші 30 м/с және одан да көп екпінді болуы мүмкін", - деді Алина Смағұлова.

12-14 сәуір аралығында СҚО Қызылжар ауданында және Петропавлда жауын-шашынның болжамына байланысты мұз құбылыстары әсерінен (мұз жүру, мұз кептелістері) Есіл өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге дейін күрт көтерілуі, асып кетуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде. 11 сәуірде Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейі 894 см жеткен, қауіпті деңгей – 980 см.

0
0
323

Осы тақырып бойынша

Елімізде жауын-шашынды, жаңбырлы ауа райы сақталып,... - Yvision.kz