Елімізде жолдардағы жағдай туралы ескерту жасалды
Еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәлімет жария етілді.

Фото: egemen.kz
Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көрініс шектелуі мүмкін.
Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанады.
Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
#QAJ
