Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еліміздегі гендерлік саясатқа қатысты тренинг өткізілген болатын

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді.

Аталған іс-шараға жоғары аталған соттың кеңсе мамандары қатысқан болатын.

Тренингте талқыланған басты мәселе, ол Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат.

Д. Бақытжанов. өз баяндамасында, гендерлік саясат – ол мемлекеттік және қоғамдық әрекет, қоғамның өмірлік іс әрекетінің барлық саласында ерлер мен әйелдердің теңдігіне жетуге бағытталғанын атап айтты.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ерлер және әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында анық прогресске жеткен. Мемлекеттік гендерлік саясат мемлекет басшысының бұйрығымен бекітілген стратегияға сәйкес жүзеге асырылады. Оның ішінде Қазақстан үшін гендерлік көрсеткіштер анықталған, мыңжылдық даму бағыты мен әйелдерге қатысты барлық формадағы кемсітушіліктерді жою туралы Конвенция қағидаларын басшылыққа ала отырып. Стратегиямемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған негіз қалаушы құжат болып табылады.

 Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жүзеге асыру аясында қоғам санасында ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық саласында әлеуметтік теңдігінің қажеттілігін қалыптастыратындығы туралы ерекше атап өтілді.

Осы тақырып бойынша

Еліміздегі гендерлік саясатқа қатысты тренинг өткізілген болатын - Yvision.kz