Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының жетекшісі болып сайланды
📷📷
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия Төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады.
📷📷
Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, партия жанындағы жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды. Биылғы 4 қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді. Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы «AMANAT» партиясы Фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды. Сондай-ақ, бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясының 22 өкілі жеңіске жетті. t.me/AMANATPartiyasy
