Елорда- елдің бірлігі, Елбасы ерлігі!
Алатау баурайынан арқаға көшірілген астанамыздың бүгінгі бет-бейнесі шынайы да шырайлы, ажары аспанмен таласқан, Даңқы әлемге ары асқан десек артық айтқан болмаспыз.
Әрине мұның барлығын көш бастаған кемеңгер Елбасының еңбегінен бөле қарауға да болмас. Сондықтанда Елордамыз-елдің бірлігі, Елбасы ерлігі деп айтсақ артық бола қоймас.
Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздіктің алтын мұнарасындай жарқырайды. Еуразияның кіндігіндегі бейбітшілік бесігіне де айналып үлгірді. Татулықты ту еткен әр ұлт өкілдері де астанамыздың шаңырағын шайқалтпай, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді. Есілдің жағасы әр ұлт өкілдерін ғана емес, әлем жұртшылығының басын қосатын құтты қонысқа айналғаны шын.
Біз кеше ядродан бас тарттық. Дін аралық татулықты сақтадық. Азия алауын жақтық. Сосын ЭКСПО- ны да өткіздік. Қайсы бірін айтайық, бәрі де береке-бірлігіміз бен сараптал саясатымыздың арқасы, Елбасымыздың көрегендігінің жемісі деп түсінеміз.
Астанамыз әрбір жанның асыл арманына айналды. Жастардың жарқын болашағының алтын діңгегі осы мұнаралы қалада нықтап тіктеле бермек. Жас қалам, бас қалам, артық болар басқадан.
Қазақта жақсы бір сөз бар: " Бағалай білсең бақ қонады, қуана білсең құт қонады",-демекші, Тәуелсіздігіміздің қадыр-қымбатына жетіп, көркі керім қаламызды жақсы жағынан бағалап, әрқашан қуана білейік.
Мен еңселі Елорда мен ерен еңбегі үшін Елбасына өз алғысымды айта келе: "Елорда - елдің бірлігі, Елбасы ерлігі" атты челленджді өңіріміздегі партияластарға жолдаймын.
Ынталы БПҰ- мүшесі,
Нүсіпқан Қадырсұлтан
