Есқайыр Илемесов және Біржан Қуаналиев Жақсыбай ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу
2023 жылғы 19 наурызда өткізілетін Қазақстан Республикасы Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына орай «AMANAT» партиясының аудандық сайлауалды қолдау штабының мүшелері Есқайыр Илемесов және Біржан Қуаналиев Жақсыбай ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуде Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Илемесов және Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Біржан Қуаналиев өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, елімізде атқарылып жатырған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар туралы хабардар етті.
Кездесуде сөз сөйлегендер, Жақсыбай ауылының тұрғындары А.Иманғалиев және Н.Бахтыгереева сайлауға қатынасу әр азаматтың конституциялық құқығы екендігін тілге тик етіп, кандидаттарға сәттіліктер тіледі.
#AMANAT2023
#ДауысберAmanat2023
#ГолосуйЗаAmanat2023
